САЯСИ ДОДА БАСТАЛДЫ!
«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбектің айтуынша 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына барлығы 7 мыңға жуық ел танитын азаматтар жұмылдырылған. Олар енді үгіт-насихат жұмыстарына білек сыбана кірісетін болады.
Штаб отырысында Бауыржан Байбек шараға сайлаушыларды 100% қамту керектігін, бұл мәселе Елбасының жіті бақылауында екендігін тілге тиек етті. Сайлау басталғанға дейін үгіт-насихат топтары негізінен зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесуді жоспарлап қойған.

Белгілі болғандай, Республикалық сайлауалды штаб аясында 35 қала мен 82 ауданда 300-ден астам іс-шара өткізілмек.
Өздеріңізге белгілі, Nur Otan-дықтар жыл бойы өңірлерге барып, тұрғындармен кездесулер өткізді. Көптеген әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Арыз-өтініштер қаншама.
Тағы бір жаңалық, nurotan2021.kz арнайы сайтының іске қосылғандығы. Аталған сайтта барлық сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізімдер жарияланған.
