Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЯСАТКЕР-ӘЙЕЛДЕРДІҢ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін, ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні ZOOM платформасында «Nur Otan» партиясының БҚО филиалы төрағасының орынбасары – Гүлназ Құлжанованың қатысуымен ұзақ жылдары бойы қызмет еткен жетекші мамандар мен жас үміткерлер арасында онлайн кездесу өткізілді.

Саяси партияда 20 жылдан астам уақыт қызмет еткен саясаткер-әйелдер саяси үрдіске алғаш рет араласып, депутаттыққа үміткер атанған нәзік жандыларға ұстаным-кеңестерін айтып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Атап айтар болсақ, «Nur Otan» партиясының БҚО филиалы төрағасының орынбасары – Гүлназ Құлжанова және Сырым ауданы бойынша ұзақ жылдар бойы партияда қызмет етіп келген – Елена Тарасенко, әйелдердің қоғамдағы қызметінің жан-жақты, әрі жауапты екендігін тілге тиек етіп, өздерінің саяси қызметтік жолдарында кездескен қиындықтармен қызықты жағдайлары туралы сыр шертті.

Кездесуге қатысушы, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Софья Ізмұханбетова, саяси қозғалыстардағы әйел азаматшаларының рөліне тоқталып, өзінің алғаш рет депутаттық мандатқа үміткер атанып жатқандығын жеткізді. Партияның биылғы сайлау науқанында нәзік жандылар мен жастарға көрсеткен қолдаулары мен басымдықтары өзінің алғысын білдірді. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер ішіндегі ең жас азаматша – Шаттық Утебалиева Софья Салахадинқызының сөзін қолдай отырып, осындай кездесулердің жиі ұйымдастырылып тұруы жөніндегі ұсынысын білдірді.

0
0
166

Еще по теме

САЯСАТКЕР-ӘЙЕЛДЕРДІҢ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ - Yvision.kz