Yvision.kzYvision.kz
kk
News
News
5 863 постов423 подписчика
Актуальное и интересное со всего света
0
11:17, 13 сентября 2022

Саясат Нұрбек бес жылда ғалымдар санын 34 мыңға дейін жеткізбек

Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда ғалымдар мен зерттеушілердің саны 21,6 мың адамды құрайды (2020 ж. – 22 665, 2019 ж. – 21 843). Оның 7 525-і жас ғалымдар, бұл жалпы ғалымдардың 35%-ын құрайды.

Сонымен бірге ведомство басшысы ғылыми мақалалар санын да көбейтуді көздейді.

Ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҒЗИ санын 15-ке арттыру, индекстелетін журналдардағы жарияланымдарды 150%-ға өсіру және 2025 жылы жабдықтарды 30%-ға жаңарту арқылы ҒЗИ сапасын арттыру міндеті тұр.

"Сондай-ақ 2025 жылы қазақстандық ғалымдардың Халықаралық ғылыми журналдарындағы мақалалардың жалпы саны бойынша InСites елдік рейтингінде 65-орынға және "ҒЗИ сапасы" көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 65-орынға қол жеткізу жоспарланған", – дейді Саясат Нұрбек.

0
433
0

Загрузка...