Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САЙҚЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың қолдауға штабтың мүшелері Исатай Құрмашев, Тілек Арыстанбеков, Ерболат Таңатов, Қуаныш Елемесов, Бибігүл Жұмағұлова аудан орталығы Сайқын ауылындағы аудандық демалыс орталығын ауыл а тұрғындарымен кездесіп, үміткердің 7 жылға арналған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өмірбаяны мен елді дамытуға бағытталып атқарған жұмыстарына тоқталып, тұрғындарды саяси науқанда сайлау участогінен табылып, халықтық коалиция атынан ұсынылған үміткерді қолдауға шақырды. Әлемде болып жатырған қиын кезеңде елді біріктіріп ұстап тұрушы, Халықарылық саясатта зор беделге ие азаматтың жақына топтасу қажет екендігіне тоқталды. Қатысушылар заманның біртіндеп жақсарып келе жатырғандығын тілге тиек етіп, қоғам үшін маңызды, әр азаматтың парызы деп санайтын тұрғындар кезектен тыс сайлауда өздерінің азаматтық позицияларын танытатындығын айтты. #Toqaev2022

0
0
130

Еще по теме

САЙҚЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz