Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

С. Асылбеков және штаб мүшелері Қ.Рысбеков, А.Раматуллаев пен Р. Жумагулова кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында сауда орталықтарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аталған мақсатта Сауран аудандық қоғамдық штабының мүшелері Шорнақ ауылында орналасқан «1000 tyrlizat» дүкенінде болды.

Штаб мүшесі Қ.Рысбеков қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеру, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті ынталадыру және оны қорғауға барынша ден қойылатындығы және Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалатындығы «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы аясында іске асырылатындығын айтып, мұның бәрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын жеткізді.

Сондай-ақ, қоғамдық штаб төрағасы Сағынбек Асылбеков Президенттікке кандидат Қ.К.Тоқаетың жетістіктері, жүргізіліп жатқан реформалар, қойылған міндеттер мен қол жеткізілген мақсаттар туралы айтып, сайлауалды бағдарламасында алдағы таяу жылдарда барлық елді мекеннің таза ауыз суға, сапалы жолдарға, жылдам интернет пен тұрақты ұялы байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге басымдық беріп отырғанын, елдегі газдандыру 60 пайыздық деңгейге жеткізу және жоғарыда аталған нақты шаралардың барлығы қаржымен қамтылып, алдағы 7 жылда өңірлердегі тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыратын және олардың даму деңгейіне қатысты теңсіздіктерді айтарлықтай төмендету көзделгенін атап айтты.

Штаб мүшесі Р. Жумагулова кездесу соңында Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасып, алдағы сайлауда тарихи таңдау жасауға шақырды.

#TOQAEV2022

0
0
134

Еще по теме

САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ - Yvision.kz