сау бол
Шынымен де, қадірім қалмады ма алдыңда?
Әр тынысым қымбат еді сен үшін,
Ал енді, айтшы не болғаны?
Бітті ме балғын бала махаббат?
Ұмыттың ба ,суыта көрме сезімді
Жо-жоқ, бас тарта алмаймын
Он жыл бойы сүйіп келдім өзіңді,
Енді қалай бас тартам?
Сен жай ғана мені сағына, қиналдың
Алыстағы сағынышқа шыдамадың,
Мендегі сезімді түсіне алмай
Менен алыс қаша бастадың.
Ішіңдегі сезімді өшірем деп
Маған қатал қарадың, ренжіттің.
Мейлі, мен берілмеймін,
Бақытым, бағым, жалғызым
Неткен ақымақ-ең...
Кешір, сені қинасам,
Сынап , талай әлекке салсам,
Бәрі-бәрі сен үшін ,
Өйткені, сені сүйем.
