"САСТӨБЕ" БПҰ МҮШЕЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін Түлкібас ауданы, Састөбе поселкесінде "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру барысында "Састөбе" бастауыш партия ұйымы мүшелерімен жиналыс өткізілді. Партияның сайлауалды бағдарламасын аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Айдарбеков Асқар Талғатбекұлы таныстырды. Өз сөзінде біздің жеке сайлауалды бағдарламамыз бар. Ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындап, нақты міндеттерді қамтиды. Олардың 100%-ы мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындауға бағытталған.
Бағдарламаның міндеттері Түлкібас ауданындағы ауылдық округтердің негізгі сұраныстарын қамтиды, қоғамның өзекті мәселелеріне жауаптар береді.
Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану деді.
«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады.
Біздің міндетіміз – Түлкібас ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау!
Біз ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз деп жиналысты аяқтап, партияны қолдауға шақырды.
