Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САРЫӨЛЕҢ АУЫЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.

Бүгін Күршім ауданының жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Қайрат Тоқанұлы Бахтияров және аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Роллан Нұрланұлы «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалының жоспарына сәйкес, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Сарыөлең ауылдық округінде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға Б.Қанпиянова, С.Өмірхан, Қ.Бейсен, Ж.Әмір, С.Қали, Н.Саданбектер атаулы әлеуметтік көмек, Мемлекет тарапынан берілетін грант, несиені қалай алуға болатыны бойынша сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтар бойынша әр азаматқа жеке жан-жақты түсіндіріп заң аясында кеңестер беріп, оңтайлы шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.

0
0
139

Еще по теме

САРЫӨЛЕҢ АУЫЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ. - Yvision.kz