САРАЛЖЫНДА ӨТКЕН СПОРТТЫҚ ШАРА
Бүгін Саралжын ауылдық Мәдениет үйінде мүмкіншілігі шектеулі жандар арасында спорттық және логика негізделген ойындардан жарыс өтті. Шараға қатысқан спортшылар үстел теннисі және дойбы ойыны бойынша сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар арасында 2021 жылы Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен армреслингтен Азия чемпионатының 91 келіден жоғары салмақта қола медаль иегері Алманияз Қаналиевте бар.
Спортты серік еткен ауыл тұрғындары ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Шара қатысушы Құтқожин Темірболат аға - Бүгінгі күнімізді жақсы өткізіп, серігіп қалдық. Алда да біздей жандарға осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, қатысудан шаршамаймыз, - деген ыстық ықыластарын білдірді.
Шара соңында естелік фотосуретке түсіп, емен-жарқын тарқады.
