САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
тұрғындарымен сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-талаптарын тыңдады.
Аталған кездесуде штаб мүшесі Қ.Төлебаев Жергілікті халықтың 99%-ы жарық көзін қажет ететіндігін, оның ішінде сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілуі қажет екендігін атап өтті. Штаб мүшесі Қ.Асылбекұлы Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру, ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін шешудің жолдары қарастырылған. Бұл орайда ауыл мен қаланың өмірінің арасындағы алшақтықты жоюға басымдық беріледі. Қазірдің өзінде «Ауыл – Ел бесігі» сияқты бірегей жобалар елді мекендердің инженерлік-инфрақұрылымдық, әлеуметтік мәселелерін шешуге септігін тигізіп жатыр.
Алдағы уақытта мұндай бағдарлама жалғасын таба береді. Ол үшін алтын бесікті мекендеп, ата кәсіпті ардақтап жүрген ауыл тұрғындары дұрыс шешім қабылдап, ел игілігі жолында нағыз көшбасшыға дауыс беруі қажет
Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі жергілікті штаб мүшелері алдағы саяси науқанға азаматтылық ұстаныммен белсенділік танытуға шақырды.
#TOQAEV2022
