kk
1

Сапалы білім -сындарлы мақсат

Кез келген мемлекеттің болашағы-білімді жастар. Сондықтан елімізде жастардың сапалы әрі озық білім алуы үшін барлық жағдай жасалып отыр.Жаhандық кеңістікте бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, әлемнің дамыған мемлекеттеріндегі білім беру деңгейіне жету жолында көптеген жұмыстар атқарылуда.Соның негізгінде Қазақстан өзіндік заманауи білім беру жүйесімен ерекшеленетін және ең жақсы білім беру моделін үйлестіретін этикалық оқу орындарының қатары көбеюде.Сол оқу орындарының ішінен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін ерекше атап өткен жөн.Еліміздегі білім мен ғылымның ірі орталығы, жоғары білікті мамандар даярлау ісі мен қоғамдық дамуға зор үлес қосып келе жатқанына 90жыл болған қара шаңырақ. Қазақтан шыққан есімі әлемге әйгілі ғалымдар мен ақын- жазушылардың, мықты журналистердің білім ордасы болған ҚазҰУ талапкерлер арасында ерекше орынға ие. Қазақ ұлттық университетінде оқу үшін жыл сайын сан мыңдаған талапкерлер бағын сынайды 2023-2024 оқу жылына 10719 талапкер қабылданып, білім алушылар саны алдыңғы жыл мен салыстырғанда 3000ға артты.ҚазҰУ студенттік қалашығында студенттер үшін барлық жағдай жасалған.Кітапхан, компьютерлік класс, кітаптарды электронды іздеу секілді заманауи тұрғыда ерекше жабдықталған.Кітпаханада әр бұрышы қазақ тарихымен көмкерілген, оған куә -Алаш зиялыларына арналған қабат.Қазақ білімі мен ғылымның қара шаңырағы QS Asia University Rankings бойынша да Азиядағы үздік және алғашқы 30 жоғарғы оқу орнының қатарына.Білім ордасы "зерттеу университеті"мәртебесіне ие.2022жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.1934 және жылы 15 қаңтарда алғаш 54 студентпен ашылған университетте қазіргі таңда 25 мыңнан астам білім алушы бар.Қазақ ұлттық университетінің әлемнің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының арасынан орын алуы-бұл университетіміздің еліміздегі сапалы білім беретін ең үздік оу орны екендігінің дәлелі. Мерейлі 90жыл құтты болсын!

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының оқытушысы Құтпанбаева Ж.Б.

undefined