САНАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ САЙЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Арыс қалалық қоғамдық штаб өкілдері Амантай Байтанаев және Тәңірберген Әсіл ҚР президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың етінде алға қойған ауқымды міндеттері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
- Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын үдету,
ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру арқылы бұл салада 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашу жөнінде айтты. Сондай-ақ кооперативтерді дамыту үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Мұның бәрі де тұрғындар тұрмысын жақсартары анық. Сондықтан қуатты Қазақстанды құруда әр азамат белсене ат салысуы керек- деді Арыс қалалық мәслихат хатшысы, штаб мүшесі Амантай Алтынбекұлы.
Жиын барысында сайлауалды бағдарламамен танысқан ауыл тұрғындары алда тұрған сайлауға ұйымшылдықпен қатысатындарын айтты.
#TOQAEV2022
