Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

2017 жылдың 19 қаңтар күні әлеуметтік инвестициялардың «Менің елім» бағдарламасының қоғамдық тыңдаулар қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Тыңдауға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, жергілікті қоғамдастықты дамыту «Бірлік» қорының жетекшісі Динара Айтжанова, «Самұрық-Қазына Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Ерлан Даримов, «Самұрық-Қазына»  АҚ-ның еншілес және тәуелді компаниялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.

Іс-шараның мақсаты – 2017 жылы Павлодар облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыруды талқылау болды.

Қоғамдық тыңдаулар міндетіне мүдделі тараптарды Бағдарлама және іске асырылып қойған жобалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қою емес, сонымен қатар тұрғындардың қажеттіліктерін анықтау және соның негізінде бағдарламаларды іске асыру жоспарларын әзірлеу мен оның қызметінің бағыттарын нақтылау да кіреді. Бағдарламаның аясында аймақты талдау негізінде әзірленген арнайы жобаларды, қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерін, жергілікті атқарушы және ресурстарға ие органдардың мүмкіндіктерін іске асырылатын, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдарға шағын гранттар бөлінетін болады.

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы2016 жылдың соңында басталды. Оның мақсаты - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары бар аймақтарда өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру. Бағдарлама операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік бағдарламалар даму қоры.

Павлодар облысында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның мынадай еншілес және тәуелді компаниялары бар:  ПМХЗ, ЖЭО-1, ЖЭО-2, «Солтүстік ЖЭТ-тің» филиалы «KEGOC» АҚ, Богатырь Көмір, облыстық ҚТЖ филиалдары, Қазпочта.

0
0
574

Еще по теме

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА - Yvision.kz