Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ МЕН ЕҢБЕК ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ БIРЕГЕЙ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ МЕН ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ БIРЕГЕЙ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру туралы бiрегей меморандум қабылдады. Құжатқа Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қол қойды.

Меморандум аясында тұрмысы нашар, көпбалалы немесе қиын жағдайға душар болған жанұяларға, қарттарға, мүгедектерге, ардагерлерге, кәмілетке толмаған балалар мен жастарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында бірлесіп жұмыс атқарылады.

Атап айтқанда, тараптар Қазақстанда емделмейтін ауруларға душар болған кемінде 100 баланы шетелге жібереді, аутизм диагнозы бар кемінде 100 балаға медикаментсіз ем жасалуын қамтамасыз етеді, сал ауруына шалдыққан 1500 балаға медициналық реабилитация, және шалғайдағы елді мекендерде тұратын тағы 60 000 адамға медициналық көмек көрсетеді.

Бұған қоса, балалардың денсаулығын күшейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен кемінде 1500 баланы қамтитын аула клубтарын жетілдіру жалғастырылады, шалғай елді мекендерде тұратын 600 балаға Қазақстан бойынша экскурсия өткізіледі, Ұлы отан соғысының 1400 ардагері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіліп, Қазақстан мен ТМД елдерінде темір жолмен тегін жүру ұсынылады, кем дегенде 40 әмбебап спорт және ойын алаңдары салынады.

Сонымен қатар, жасы 18-ге толмаған кемінде 30 бала мен жасөспірімнің интеллектуалдық, шығармашылық немесе спорт сайыстарына баруы үшін жол шығындарын көтеріп алу жоспарланған. Жоғарғы оқу орындарының 30 дарынды түлегін іріктеп алып дамыту, кемінде 60 түлекті өндіріс салаларын цифрландыру жобаларында тәлімгерлік бағдарламаға қабылдау және жұмысқа орналастыру қарастырылған.

Меморандум кем дегенде 50 коммерциялық емес ұйымның бастамаларына қаржылық және басқа да көмек көрсету арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, мүгедектер ұйымдарын қолдау мақсатымен олар өндірген тауарларды ереже шеңберінде сатып алу мәселелелерін қамтиды.

«Бұл келісімге Елбасының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты белсенді әлеуметтік саясатты қолдау және дамытуға арналған бағдарламасының шеңберінде қол қойылды. Меморандум әлеуметтік саланы дамыту, кей санаттағы азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеру және әлеуметтік бастамаларды іске асыру мақсатымен күш-жігерімізді біріктіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев бұл бағыттағы бірлескен жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ашатынын айтты.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемалары, әсіресе, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бүгінгі күні мемлекет пен бизнестің бірлескен іс-қимылын талап ететін қоғамның аса өткір проблемаларының бірі болып отыр. Осыған байланысты ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы шеңберінде Министрлік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Тек өткен жылы жалпы сомасы 90 млрд.теңгеге 700-ден астам меморандум жасалды. Бүгінгі меморандум Қазақстанның басқа компаниялары мен кәсіпорындары үшін жақсы үлгі болады деп есептейміз», - деп түйіндеді Еңбек министрі.

«Самұрық-Қазына» холдингіне кіретін барлық компаниялардың атынан қайырымдылық қызметті атқаратын - "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. 2019 жылы аталған қор жалпы құны 4,8 млрд.теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып отыр. Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.

УНИКАЛЬНЫЙ МЕМОРАНДУМ ПОДПИСАЛИ «САМРУК-ҚАЗЫНА» И МИНИСТЕРСТВО ТРУДА И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ

АО ФНБ «Самрук-Қазына» и Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан подписали уникальный меморандум о реализации социальных инициатив. Меморандум подписан председателем правления Фонда Ахметжаном Есимовым и министром труда и социальной защиты населения Бердибеком Сапарбаевым.

В рамках меморандума будет осуществляться сотрудничество по формированию благоприятных условий для детей из малообеспеченных и многодетных семей, из семей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, пожилых граждан, инвалидов, ветеранов, несовершеннолетних и молодежи.

В частности, стороны осуществят лечение за рубежом не менее 100 детей с заболеваниями неизлечимыми Казахстане, обеспечат безмедикаментозной коррекцией аутизма не менее 100 детей, медицинской реабилитацией не менее 1 500 детей с диагнозом «детский церебральный паралич», медицинской помощью не менее 60 000 жителей отдаленных населенных пунктов.

Наряду с этим, будет продолжено развитие дворовых клубов для укрепления здоровья и развития творческих способностей не менее 1 500 детей, организованы обзорные экскурсий по Казахстану для 600 детей из отдаленных поселков и станций, оказана социально-бытовая помощь и бесплатный проезд по всем железнодорожным сообщениям Казахстана и стран Содружества Независимых Государств не менее 1 400 ветеранам Великой отечественной войны и труженикам тыла, установлено не менее 40 универсальных спортивных и детских игровых площадок.

Вместе с тем, планируется предоставление не менее 30 проездных грантов для участия детей и подростков в возрасте до 18 лет в интеллектуальных, творческих и спортивных состязаниях. Предусмотрено привлечение, отбор и развитие не менее 30 талантливых выпускников ВУЗов, способных решать различные отраслевые задачи.

Кроме того, будет продолжена работа по привлечению и отбору кандидатов для стажировки в проектах цифровизации производственной отрасли, направленной на развитие практического опыта не менее 60 выпускников с последующим трудоустройством.

Меморандум также предусматривает развитие социального предпринимательства путем оказания финансовой и нефинансовой поддержки инициативам не менее 50 некоммерческих организаций и поддержку организаций инвалидов - производителей страны посредством закупа товаров в рамках утвержденных Правил.

«Подписание проходит в рамках Программы Елбасы «Общество благополучия: 10 целей десятилетия», направленной на поддержку и развитие проактивной социальной политики. Меморандум позволит объединить наши усилия с целью дальнейшего эффективного развития социальной сферы, повышения уровня и качества жизни отдельных категорий граждан, реализации социальных инициатив», - отметил Председатель правления АО «Самрук-Қазына» Ахметжан Есимов.

В свою очередь, Бердибек Сапарбаев отметил, что в совместная деятельность в данном направлении откроет новые возможности для эффективного решения социальных проблем.

«Проблемы социально уязвимых слоев населения, в особенности, обеспечение жильем многодетных и малообеспеченных семей, детей-сирот, сегодня остаются одним из наиболее острых проблем общества, требующих совместных действий государства и бизнеса. В этой связи в рамках поручений Первого Президента РК Министерством проводится активная работа по развитию и поддержке социальной ответственности бизнеса. Только в прошлом году было заключено более 700 меморандумов на общую сумму порядка 90 млрд. тенге. Считаем, что сегодняшний меморандум станет хорошим примером для других компаний и предприятий Казахстана», - заключил глава Минтруда.

Единым оператором благотворительной деятельности группы компаний выступает Фонд развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust». Напомним, с начала 2019 года Фонд реализует 15 социальных проектов от всей группы компаний Фонда, направленных на решение социально значимых для населения вопросов, на общую сумму 4,8 млрд. тенге. Организованы бесплатные курсы реабилитации для 1170 детей с диагнозом «детский церебральный паралич». Более 9 000 детей школьного возраста посещают образовательные кружки и спортивные секции на бесплатной основе и принимают участие в спортивных соревнованиях.

0
0
301

Еще по теме

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ МЕН ЕҢБЕК ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ БIРЕГЕЙ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ - Yvision.kz