Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САХИ АҒАНЫҢ СӘЛЕМІ

Сахи Қибасов - өлкемізге белгілі азамат. Кеңестік кезеңде ел басқарған, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында да басшылық, қоғамдық қызметтерде алдыңғы қатарда болған кісі.

Сәлем бере барып, келген жұмысымды айтып жатырсам, Сәкең тоқтатты. "Шырағым Самат, мен де депутат болдым. Аудандық дәрежеде. Сенің жүгің ауыр, сен сонау Астанадан сөйлемекке бел будың. Қарағым, ақ жол. Сен маған насихат айтпа, мен елдің қазіргі жағдайы үшін де Нұр Отанды қолдауға тиіс адаммын. Сен жастарға айт осыны, кейінгі ұрпаққа жеткіз насихатыңды. Шүкір етсін, қолдағы барды бағаласын, бақытты халықпыз ғой" деді.

Толқып кеттім. Ақсақал деген, аға деген шынымен осындай болу керек шығар деп ойладым.

Ел жағдайы жақсара береді, әлі де алынбаған асулар көп алда. Ол үшін алдыңғы толқын дұрыс бағыт пен ақыл айтса, кейінгі толқын қажетін алып, кәдесіне жаратса жетіп жатыр!

Өмірін ауылшаруашылығы саласына арнаған ақсақалдан мен де кеңес алдым. Жер жағдайы, жерасты сулары мен жайылымдық жерлер жөнінде білген құнды кеңестерімен бөлісіп, тұшымды ақпараттар берді.

Ақсақалын ардақтаған ел озады!

Сахаңа ризашылық айтып, келесі шаңыраққа шықтық.

#NurOtan

#Сапарбаян

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
113

Еще по теме

САХИ АҒАНЫҢ СӘЛЕМІ - Yvision.kz