Сабантой
Сабантой - жыл сайын тойланатын түркі тілдес халықтарының мейрамы. Жалпы сабантойды әлемде қырықтан астам ел тойлайды. Бұл мейрам көне болып есептеледі. Тарихқа сүйенетін болсақ сабантойды орта ғасырлардан бастап тойлаған. Сабантойды көктемгі ауыл шаруашылық жұмыстары біткенде, егін егілгенде, немесе күзде егінді жинап біткенде тойлайды. Қазіргі таңда бұл мейрамның тұрақты тойланатын күні жоқ. Жыл сайын осы мейрамның күні ауыса береді. Көбінесе бұл мереке, мамыр немесе мауысым айларында тойланады. Осы мерекенің біз тойлайтын наурыз мейрамымен ұқсастығы бар. Наурыз мейрамы сияқты бүкіл халық арнайы осы мейрамға дайындалған алаңға жиналады. Жиналып болғаннан кейін арнайы концерттік бағдарлама болады. Концерттік бағдарламаға кәсіби әншілерді, әртістерті,бишілерді шақырады. Оларды шақыру үшін салтанатты жиындарды өткізетін ұйымдармен хабарласып, оларға тапсырыс береді. Көбінесе адамдар сахнаға шығып ән айтады, би билейді. Мейрам күні барлығы https://toibiznes.kz/kk/articles/tradition/sabantoi
