Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САҚ ЖҮРСЕҢ, САУ ЖҮРЕСІҢМОБИЛЬДІ ТОП КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

COVID – 19 коронавирустық инфекциясын одан әрі таратпау шеңберінде, Арыс қаласында арнайы мобильдік топ сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалардың сақталуына кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мобильді топ қаланың 24 объектісіне мониторинг жүргізді, оның барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бетперде тағу, арақашықтықты сақтау және өзге де талаптар ескерусіз қалмау үшін арнайы мобильді топ күнделікті рейд жүргізетінін естеріңізге саламыз.

Арыс қаласының аумағында covid – 19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қала халқын белгіленген санитариялық – эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауға шақырамыз.

0
0
163

Еще по теме

САҚ ЖҮРСЕҢ, САУ ЖҮРЕСІҢМОБИЛЬДІ ТОП КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗДІ - Yvision.kz