Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

САҚЫП АҒАНЫҢ ТӨРІНДЕ

Сақып Керелбаев - бұл Маңғыстау өлкесінің атқарушы билігі тарихында алтын әріппен жазылған есім.

Ұзақ жылдарын ел билеп, ат үстінде өткізген қайраткер аға бүгінде зейнет демалысында. Зейнеттемін деп қарап жатпайды, естелік жазады, кітап жазады. Дүркін-дүркін жинақтар шығарады.

"Ай, Саматжанның бір соқпауы мүмкін емес" деп отыр едім" деп жарқылдай қарсы алды ағамыз. Төріне шығарып, талай сырдың басын қайырды. Жанымда облыстық маслихатқа үміткер, әріптесім Иса Бимырзаев бар.

Маңғыстаудың көптеген әкіміне бірінші орынбасар болған, аудан басқарған Сақып ағаға билік дәлізінде де, қалың бұқара арасында да құпия ештеңе жоқ. Жағдайды біледі, салиқалы сарап жасайды, байыпты байлам ұсынады.

"Саматжан, партияңа сөзім жоқ. Елдегі жақсылықтың бәріне жаршы болып, қолдаушы болып келе жатқан іргелі саяси ұйым ғой. Мына нәрсені есіңде ұстарсың: Ешқашан халықтан қашпау керек. Қазір елдің жағдайы өте жақсы. Біз бұдан бірнеше есе қиын кезде, ел аш, жалаңаш кезде жұмыс істедік. Алдына шықтық, жағдайды түсіндірдік.

Ел қанша ашулы болса да жөнді сөзді ұғады, төрелікке тоқтайды. Халықпен бірге бол" деген кеңесі көңіліме жақты.

Қоштасарда жуырда ғана жарық көрген жинағын сыйға тартты. Сақып ағаның шаңырағынан қанаттанып шықтым, аман болыңыз, Аға!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#ЕлІшінде

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
132

Еще по теме

САҚЫП АҒАНЫҢ ТӨРІНДЕ - Yvision.kz