Қарағандылықтарға Айтқожа Фазыловтың есімі жақсы таныс. Әр жылдары жоғары білім беру саласында қызмет етіп, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласқан ол бүгінде әлеуметтік желіде «батырлық» танытып жүр.
«Үкіметті сынай берсем болды» дейтін популистерге тән түсініктен ағамыз да ада емес. Жүрген жерінде айқай-шу шығарады да жүреді. Тіпті бір рет Кеншілердің мәдениет сарайында өткен облыс басшысының есеп беру кездесуінде микрофонды алып ап, бір сағат облыс әкіміне зекігені бар. Нақты кінәсі болса бір жөні ғой, әкімге сол жолы негізсіз әкіреңдегенін сол жиынға қатысқандар, Фазыловты танитындар әлі айтып жүр.
Айтожаның бізді таң қалдыратын қасиесі – ұлтаралық қарым-қатынасқа деген көзқарасы. Бұл мәселеге қатысты ойларын ол әлеуметтік желіде үнемі жариялап жүр. Тіпті, ұлтты араластырмайтын жерге араластырып, абырой жинауға дейін барады. Мәселен, былтыр «Древний Рим» мейрамханасында болған төбелеске ұлттық сипат беруге тырысып бақты. Астанада Ресей азаматы қазақстандық біреумен келіспей шиеленістік жағдай орын алғанда да ресейліктің суреті, байланыс деректеріне дейін желіге жариялады. «Мына оңбағанды табу керек» деп оған қысым жасады.
Оның бұл әрекеттерінің қаншалықты заңды, әдепке жататынына баға беруден аулақпыз. Бірақ, Айтекең қазақ тілі үшін небір керемет сөздер айтып, мемлекеттік тілді қолдауға шақырып жүріп, өзі керісінше әрекетке баратынын айтпай кете алмаймыз. Мысалы, әлеуметтік желіде, кездесулер, жиналыстарда ол өз оппоненттерімен өзі мүддесін қорғап жүрген қазақ тілінде емес, ылғи орыс тілінде сөйлеседі. Тілге шын жанашыр болса, алдымен өзі үлгі көрсетпей ме? Кейде тіпті Айтқожа ағамыз қазақ тілінің, қазақ елінің болашағына да сенбей ме деп қаламыз. Өйткені, Ағзам, Сағди, Шафи, Мирас есімді немелері бүгінде Қарағандыдағы орыс мектептерінде оқып жатыр. Елдің емес, балаларының болашағын ойласа, ертең олар қазақ тілінде «нан сұрап жесін» десе осылай істер ме еді?
Балаларын Қарағандыда беделді саналатын ол мектептерге де облыс әкімдігіндегі таныстарын пайдаланып орналастырғаны да оның қаншалықты «әділдік сүйгіш» екенінен хабар берсе керек.
Яғни бұл жерде де біз Айтқожаның сөзі ісімен қабыспайтынын байқаймыз. Бәлкім ол немерелерін мектеп бітірген соң өзі сияқты Ресейге оқуға жіберер?
Айтқожа Фазылов ісләм дінінен жақсы хабардар, қажы кісі ғой. Исламда мұсылман ортасында мұсылман сияқты әрекет етіп, кәпірлердің ортасына барғанда күпірлігін жалғастыра беретіндерге қатысты Мунафиқ деген ұғым бар. Қазақшасы – екіжүзділік. Фазыловтың бір-бірінен қатты алшақ ісі мен сөзіне қарасақ ойға осы мунафиқ ұғымы орала береді...