Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«СӨЗДЕРІҢІЗ ІСТЕРІҢІЗДЕН КӨРІНЕДІ ДЕП СЕНЕМІЗ» ДЕГЕН ТІЛЕКТЕРДІ АРҚАЛАП КЕЛЕМІЗ, - ДЕЙДІ ҮМІТКЕР

Бүгін, 2020 жылдың 20 желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Утебалиева Шаттық Саматқызы өзінің Facebook парақшасында «Үміткерге сұрақ» айдары аясында екінші тікелей эфирін өткізді.

«Үміткерге сұрақ» айдарының алғашқы тікелей эфирі кезінде халықтың саяси түсінігі және өңірімізде сайлау науқаны кезінде көтеріліп, шешімін тауып отырған мәселелер қозғалып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген әлеуметтік басымдықтар туралы ақпараттар ортаға салынған болатын.

Бүгінгі тікелей эфирде үміткер 1 апта бойы халықпен етене араласып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген шаралары туралы айтты. Өздеріңізге мәлім, биылғы сайлау науқаны бірнеше жаңа терминдер мен жаңашыл бастамалармен толығуда. Сондай шаралардың бірі – «Есіктен есікке» акциясы. Бұл туралы Шаттық Саматқызы өз сөзінде:

- Бірнеше шаралар ұйымдастырылып жатыр, ардагермен де, құрметті азаматтармен де, кәсіпкермен де, қарапайым еңбек адамымен де кездесудеміз. Бірақ, соның ішінде маған ерекше ұнағаны – қарапайым тұрғындармен кездесу. «Есіктен есікке» акциясының бір ерекшелігі – тұрғындардың тікелей үйіне барып, есігін қағып, ашық әңгімелесулер жүргізу. Барлығы шынайы, ашық, қарапайым болған сайын, қоғам да жылырақ, қарым-қатынастар да жұмсағырақ болады.Тұрғындардың аманаты - айтылған сөздердің іс жүзінде жалғасын табуы, - деді үміткер.

0
0
116

Еще по теме

«СӨЗДЕРІҢІЗ ІСТЕРІҢІЗДЕН КӨРІНЕДІ ДЕП СЕНЕМІЗ» ДЕГЕН ТІЛЕКТЕРДІ АРҚАЛАП КЕЛЕМІЗ, - ДЕЙДІ ҮМІТКЕР - Yvision.kz