Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

С. ШАПАҒАТОВ АУЫЛЫНЫҢ VI КВАРТАЛЫНДА ГАЗДАНДЫРУ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі, облыстық "Nur Otan" партиясы филиалының төрағасы Серікбай Трұмов Түпқараған ауданындағы Сайын Шапағатов ауылының VI кварталында газ құбырын іске қосу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, аймақ басшысы жаңа су құбыры құрылысының аяқталуымен танысты.

С.Шапағатов ауылында 2019 жылы құрылысы басталған газдандыру процесі аяқталды. Нәтижесінде VI кварталға 65 шақырым газ құбыры тартылып, көгілдір отын ауыл тұрғындарының үйлеріне жеткізілді. Осылайша 1300-ден астам тұрғын үй газбен қамтамасыз етілді.

Ауыл тұрғындарының бірі Есенгелді Саймов. Ол әйелі және бес баласымен екі жыл бұрын ауылға көшіп келген. Содан бері Саймовтар отбасы үйлерін пешпен жылтып келген. Бүгін олардың қуанышында шек жоқ.

Сонымен қатар, өңір басшысы С.Шапағатов ауылындағы резервуардың құрылысымен және ұзындығы 53 шақырымға жуық ауылішілік су құбырының жобасымен танысты. Жобаны іске қосу желтоқсан айының ортасына жоспарланған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

0
0
117

Еще по теме

С. ШАПАҒАТОВ АУЫЛЫНЫҢ VI КВАРТАЛЫНДА ГАЗДАНДЫРУ АЯҚТАЛДЫ - Yvision.kz