ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАП ОТЫРАДЫ
«Nur Otan» партиясы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында заңбұзушылықтарды анықтау бойынша көшпелі іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырады.
Мониторинг барысында бірқатар шағымдар анықталды. Көп жағдайда мерзім бойынша артта қалушылық орын алады. Кейбір жағдайларда жұмыс сапасы өте төмен. Мұндай жағдайларда партиялық бақылау комиссиялары тиісті шаралар қабылдайды, мердігердің сапасыз жұмысы туралы Жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.
Медеу ауданында «Алматы» және «Тіксай Жарбұлақ» өзендерінің жағасын нығайту, № 141 балабақшаны қайта жаңарту жұмыстары, «Шухов» саябағын және Менделеев көшесіндегі саябақты күрделі жөндеу жұмыстары нұротандықтардың бақылауында. «Медеу» мұз айдынында салынып жатқан бірнеше нысандарға, қорғаныс департаментінің ғимаратын және № 114 балабақшаны қайта жаңартуға мониторинг жүргізілуде.
Бөгенбай батыр көшесі бойынша (Наурызбай батыр көшесінен Қайырбеков көшесіне дейін) тұрғын үй-азаматтық нысандарды қайта құру жобасын әзірлеу партиялықтардан тыс қалған жоқ, сондай-ақ Достық даңғылы 85, мекенжайы бойынша орналасқан «Әлеуметтік үйге» де мониторинг жүргізілуде.
Әуезов ауданында №117 мектеп гимназиясының ғимаратына жапсарлас құрылыс объектілері, 6, 121, 132, 133 мектептер және № 23, 186 балабақшалар бойынша мониторинг жүзеге асырылады.
Жетісу ауданындағы нұротандықтардың бақылауындағы объектілер: Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер, Жұмабаев көшесінің солтүстік айналымы — солтүстігіндегі жаяу жүргіншілер өткелі (Қарасу мешіті), Бурундайская көшесінің солтүстік айналымы — оңтүстігіндегі жаяу жүргіншілер өткелі («Қарасу» ЖҚБ).
Түрксіб ауданындағы нұротандықтар әлеуметтік-мәдени объектілердің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізіп келеді: Л. Толстой көшесі, 36 мекен-жайы бойынша орналасқан орталық кітапхана жүйесі, Сейфуллин даңғылы, 102 мекен-жайы бойынша орналасқан орталық кітапхана жүйесі және Ұзынағаш көшесіндегі балалар алаңының ағымдағы жөндеуі. Бостандық ауданында №45 және 38 мектеп-гимназиясы, сондай-ақ №71 балабақша ғимаратына жапсарлас құрылыс объектілері бойынша мониторинг жүзеге асырылып келеді.
