Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА БОЛАДЫ

«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер жерлесіміз, Ержан Құдайберген Төлепұлы бүгін Шардараға сапары барысында ауданымызда жүзеге асып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

–Елімізде жүргізіліп жатқан, мемлекеттік бағдарламалармен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмыстары әрдайым партия тарапынан қатаң бақылауға алынады. Сондықтан мемлекеттің әр тиынын ұқыпты жұмсап, құрылысты сапалы жүргізу керек,-дейді Қ.Ержан.

Жиындар барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерін талдап түсіндіріп өткен үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Еще по теме

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА БОЛАДЫ - Yvision.kz