ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ НАЗАРДА
Аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шағырлой ауылын сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 31,476 км-ді құрайды. Бас мердігер – «Батысгазстрой». Өткен жылдың қараша айында басталған жұмыс жоспар бойынша 8 айға созылады. Қазіргі уақытта ауыл ішіне құбырлар жүргізу басталды. Әзірге жұмыстар 35 пайызға орындалды. Бүгінгі күнге 18 км Жымпиты ауылынан тартылатын су құбырлары салынды, құнарлы қабатын төсеу жұмыстары жүруде. Сонымен бірге екінші су көтеру станциясы алаңындағы қоршау жұмыстары, резервуардың негіздемесін құю, насостық ғимараттың ФСБ тастарын қалау жұмыстары аяқталды. Жалпы жұмыстар графикке сәйкес жүргізіліп келеді. Нысанды 2023 жылдың қазан айына қабылдау көзделген.

