Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РУШАНОВА ВАСИЛА ЖЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ

(1948, Бөкей ордасы ауд., Жиекқұм а.) Педагог, Бөкей Ордасы ауданының "Құрметті азаматы". 1967-1969 ж. Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде оқып оркестр жетекшісі мамандығын алып шықты. Алғашында Жәнібек ауданында мәдениет қызметкері, 1970 ж. бастап Ордадағы М.Горький атындағы орта мектепке ән-күй сабағының мұғалімі болды. Мектепте ең алғаш өнерлі 25 қыз баладан оркестр құрап, зейнеткерлікке шыққанша жетекшілік етті. Орда совхозының селолық клубы жанындағы ұлт-аспаптар оркестрінде дирижерлік етті. Оркестірлер облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпазы болды. 1985 ж. Орда ауданының мәдениет қызметкерлері оркестрі, жетекшісі әрі дирижері РВ-мен Германияда өнер көрсетеді. Осы жылы Уасиля Мұқанғалиева Бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанады. 2007 ж. ол жетекшілік еткен Бөкейордасы ауданы Орда ауылының балалар ұлт-аспаптар оркестріне жоғары орындау шеберлігі және көркемөнерпаздар шығармашылығының дамуына қосқан үлесі үшін «Халықтық (үлгілі) өнерпаздар ұжымы» атағы берілді. РВЖ. Қазақ ССР Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

В.Рушановаға Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы №19-4 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
155

Еще по теме

РУШАНОВА ВАСИЛА ЖЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ - Yvision.kz