РУХЫ АСҚАҚ
Келесі шаңырағымыз Салықов Смайл деген ініміздің үйі екен. Анасы Кәден апамыз да саулап отырған аппақ кісі екен. "Мынау Смайлжан 88 жылы мәшінмен апатқа ұшырап, арбаға отырып қалды. Содан бері жанындамын. Аллаға да, Үкіметке де өкпем жоқ. Сынақ Құдайдан. Үкімет далаға тастамай бағып отыр. Ризамын!" деді дауысы толқып.
Смайл бауырымыз да кеудесі күмбірлеп тұрған жігіт екен. Басқа түскен іске мойымай, керісінше осы сынақтан шыңдалып, рухтанып өмір сүріп келе жатқан азамат екен.
Онды ауылының азаматтары болып Смайлға қолмен басқарылатын көлік жинақтап беріпті. Қазір сол көлікпен ауыл ішінде, Онды Шетпе арасына такси қызметімен айналысып жүр.
Рухы асқақ, жігері мұқалмайтын ғажап жандарды көрген кезде өмірге деген құлшынысың артады!
Смайл ініміз - сапалы адамның, саналы адамның үлгісі екен, Алла жар болсын!
Онды ауылындағы кездесулерді осы үйден тәмәмдап, аудан орталығы Шетпеге жолға шықтық.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз



