Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ — ОЙ САНАНЫҢ КЕМЕЛДЕНУІ"

Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көзделген мақсаттар мен міндеттер болашақ дамуымыздың бағыттарын айшықтады. «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек» деп көрсеткен болатын Елбасымыз осы бағдарламалық мақаласында.

▪️▪️▪️

Бүгін Ордабасы аудандық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру — ой сананың кемелденуі» тақырыбында саяси кеңес мүшелері кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді.

▪️▪️▪️

— Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Оның айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн, — деді өз сөзінде «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат.

▪️▪️▪️

Кезінде қытай ғұламасы Конфуций:

🖋️«Халықты дамудың бұрын-соңды болмаған қуатты жолына түсірген, тарихта тәлім қалдырған тұлғаларды өмірден өзінің орнын тапқан адам»,–деп тұжырым жасаған екен.

▪️▪️▪️

Елбасымыздың «рухани жаңғыруға» шақыруы еліміздің келелі келешегіне бағытталған, халықтың жарқын болашағының бағдарламасы іспеттес. Келешекте халқымызға әлемдік дамудың даңғыл жолын айқын көрсетіп, келер белестерді жаңарған санамен бағындыруға үндейді.

▪️▪️▪️

Мақаладағы «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.

0
0
232

Еще по теме

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ — ОЙ САНАНЫҢ КЕМЕЛДЕНУІ" - Yvision.kz