"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ"
Бүгін аудандық мәслихаттағы "Nur Otan" фракциясының мүшесі Маткеримов Өтепбай Амалбекұлы "Рухани жаңғыру - Ұлт болашағы" атты тақырыбында тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қамтылған ұлттық сананы жаңғырту, қазақстандық дербес өрлеу үлгісін қалыптастыру, нақтылап айтқанда, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақы рухымызды жаңғырту, жас ұрпақ бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру талабы насихатталды. Бұл мақаланың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салатынын жеткізді. Елбасы өз мақаласында қазіргі жаҺандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлерін айтты. Ендігі міндет осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек етуді көздеді. Жаңа заманда білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани патриоттық тәрбие беру екендігін айтты. Білім, ғылым, зиткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге ие болуы керек деді. Сонымен қатар "Рухани жаңғыру" аясында ауданымызда атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерін алға тартты. Ең бастысы - бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын болсын деп тікелей эфирді аяқтады.
