Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының Арыс қаласында атқарылған жұмыстар барысы бойынша брифинг өтті.

Аталған шараға Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасына қарасты облыстық «Рухани жаңғыру» кеңсесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Г.Серікқызы, «Ақпарат» толқыны кіші бағдарламасының әкімшісі М.Бекеева және қалалық әкімдікке қарасты бөлімдердің жауапты мамандары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Брифингте Арыс қаласында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының арнайы жобалары аясында 2020 жылы өткізілген іс-шаралар туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек баяндама жасады.

Брифингті қорытындылаған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек алдағы уақытта жобаларды іске асыру барысында облыстық «Рухани жаңғыру» кеңсесімен бірлесіп, жұмысты жүргізу жөнінде атап өтті.

0
0
162

Еще по теме

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ - Yvision.kz