«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ «ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢННЕН БАСТА» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУӨТТІ
2018 жылдың 29 қазанда Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңннен баста» кіші бағдарламасы аясында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты С.Қажымұратов, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Қ.Амандықов, жас ақын Т.Мықимен кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Т.Бердалин, өңірдегі белгілі зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және студенттер қатысты.
Арман Бердалин Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының аймақтарда жүзеге асырылуына тоқталды. Агенттіктің бұл бағыттағы ұстанымы – әр облыста бағдарламаны жүзеге асыратын жас мемлекеттік қызметшілерден құралған топтар құру және жаңашыл, креативті идеялар арқылы өзгерістерді мемлекеттік органдар қызметкерлерінің өздерінен бастау.
Сонымен қатар, шара барысында қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
