Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев және партия ардагері Қ.Ерубай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Бірлік ауылы тұрғындарымен кездесті. Туған жерге тағзым ету, кіндік қаны тамған топырақтың қадірін білу - әрбір азаматтың парызы. Отаншылдық өскен өлкені сүю, оған құрмет танытудан басталады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы осыған үндейді. Елбасы Н.Назарбаев өз мақаласында «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды», - дей келіп, туған жерді дамытуға атсалысу әрбір азаматтың борышы саналған.

Еще по теме

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" - Yvision.kz