Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Рухани Керуен — Духовный караван (ФОТО)

Жуырда Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен "Рухани керуен" бірқатар аудандарды аралап шықты.


Алғашқы болып Глубокое ауданына ат басын тіреген "Рухани керуен" мүшелерін салтанатты түрде аудан тұрғындары және дін өкілдері қарсы алды. Ақ жаулықты әжелер қонақтарға шашу шашып, жылы лебіздерін білдірді.

Кейіннен керуен мүшелері аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, "Дәстрлі емес діни ағымдар және сектаға қарсы тұру" тақырыбында баяндамалар оқыды. Сондай-ақ, керуен мүшелері өнер саласында да құр қол қарап қалмады. Атап айтатын болсақ, аталған тақырыпта театрландырылған көріністер қойып, ән шашуларын жолдады.

Кездесудің соңы викториналық сұрақтармен жалғасын тапты. Суретте көріп тұрғандарыңыз, жарымжан жас жеткіншек Соня есімді қыз естелік сыйлық алуда.

Керуеннің келесі маршруты Шемонаиха ауданына ат басын бұрды.

Салтанатты түрде келген керуен мүшелерін қуанышты көңіл-күймен ауданның тұрғындары қарсы алып, дәстүрлі "Каравай" нанын ұсынды.

Жиынға дайындық сәті.

Дін саласына қатысты Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесу сәтінде.

Аудан өнерпаздары аянып қалмады. Өнер адамдары ауданның әр азаматы талантты екенін көрсетіп, күміс көмей әншілері және мың бұралған бишілері келушілерді тамсандырды.

Волчанка кенті маңында оналасқан "Орловский затон".

Керуен мүшелерінің назарынан жас жеткіншектер де қалмады. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға арналған "Сәуле" панажайының тәрбиеленушілері құшақ жая қарсы алды.

Ерте жастан тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-анасынан жан жылуын емес, қорлық көрген балалар тек аталған мекеменің арқасында ғана қажетті тәрбиені алуда. Сонымен қатар, олар өмірдің сәнін және өмірге деген қызығушылықтарын жоғалтқан емес.


 

 

"Рухани керуен" әрбір тәрбиеленуші балаға естелік сыйлықтар сыйлып, концерттік бағдарламасын ұсынды.



Осы арада өзекті мәселе де туындайды. Атап айтатын болсақ, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға арналған "Сәуле" панажайына жәрдем беретін демеушілерді іздестіруде.

Шемонаиха ауданының тарихи-этнографиялық мұражайына аяқ басқан керуен мүшелері ауданның тарихы ғана емес, мәдени және діни тарихы қаншалықты бай екендігіне көздерін жеткізді.

Алдарыңызда көріп тұрғандарыңыз, өте ерекше діни ескерткіш-рака

Суретші Б. Ф. Морозовтың туындылары көздің жауын алады.

"Рухани керуен" осы жолы Бородулиха ауданына жол тартты.

Бородулиха ауданы Жезкент ауылындағы "Балалар музыка мектебі"

nocomment!!!

Жезкент ауылының тұрғындары ауылдық мәдениет үйінде "Рухани керуенді" қарсы алу үстінде.

Ауыл тұрғындары, жергілікті атқарушы билікөкілдері, дін өкілдері және халықтың қатысуымен өткен діни тақырыптағы кездесу.

Сахна сыртындағы дайындық.

Жезкент ауылындағы "Иоанно-Богословская" епархиясына келген сәтте.

Бобровский Роман Евгеньевич - аталған епархияның бас өкіл

Христиан дініндегі "Михаил періште" бейнесі. Авторы: Бобровский Р. Е.

Жезкент ауылының орталық мешітінде.

Қалшора қажы. 39 жыл қатарынан шахталарда қызмет еткен ағамыз бүгінгі күні жастарға тәлім-тәрбие берген ауылдың ардақты ақсақалдарының бірі. Жуырда Меккеге қажылыққа барып, мұсылманға тән бес парыздың соңғысын орындап келген.

Жезкент ауылының тұрғындары нағыз қолөнер шеберлері. Тұрмыстық қалдықтардан жасаған туындылары үйлердің ауласына көрік сыйлауда.

Ауыл тұрғындары, жергілікті атқарушы билік өкілдері, дін өкілдері және халықтың қатысуымен өткен діни тақырыптағы кездесу.

Авторлары: Алибек Турсимбетов, Елжан Қайырханов


1
0
1224

Еще по теме

Рухани Керуен — Духовный караван (ФОТО) - Yvision.kz