Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РУ: Табын

РУ: Табын
Табын — (моңғ. табын — бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. Ақтобе облысында, Маңғыстау өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады. Cондай-ақ башқұрт ұлтында да Табын атты ру бар.
Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас. Кіші жүзде табындарды «Ноқта ағасы» деп төрелерден соң екінші дәрежелі санап төрге отырғызған. Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, көсеулі болып. Шөміштілер негізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының жерін жайлаған, көп бөлігі аштық кезінде Қарақалпақстан жеріне ауып, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы Отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы не тарақтылар.

Еще по теме

РУ: Табын - Yvision.kz