kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
1

ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

2020 жылдың 14 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысуымен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа және мемлекет пен халық мүддесіне қызмет етуге шақырды.