Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚҰРМЕТТІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтті. Онда халықтың басым көпшілігінің қолдауына ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті. Қазақстан халқы осынау тарихи таңдауы арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы алғашқы қадамын жасады.

Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл саналы ғұмырын жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалауға арнады. Қай уақытта да Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, Ата заңның бұлжымастығын қорғауға, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және адам құқықтарын қорғауға бар күш - жігерін салды.

Елбасы көрегенділігінің арқасында еліміз сыртқы және ішкі саясатта көптеген белестерді бағындырды. Қазақстанның түрлі халықаралық ұйымдарға мүше болып қана қоймай, оған төрағалық етуі, ғаламдық деңгейдегі күрделі проблемалардың Астана алаңында талқылануы- сөзіміздің айғағы.

Тұңғыш Президентіміздің Семей полигонын жабу, ядролық қарудан өз еркімен бас тарту жөніндегі батыл да көреген шешімдерінің арқасында бүгінде халықаралық қауымдастық Қазақстанды ядролық қарусыз әлем құру бағытындағы көшбасшы әрі бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде таниды.

Құрметті жерлестер!

Тұңғыш Президентіміз Қазақстанды саяси – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамытумен шектелмей, халқымыздың ХХI ғасырдың талаптарына сай рухани- мәдени тұрғыда кемелденуіне баса назар аударып келеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты сүбелі еңбектері – сөзіміздің айғағы. Олардың қай-қайсысы да ұлттық тарихымызды түгендей отырып, халықтың санасын жаңғыртуға негіз болмақ.

Осындай айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, отбасыларыңызға амандық және бақ-береке тілеймін!

Елімізде бейбітшілік пен келісім мәңгі сақталып, тәуелсіздігіміз баянды болғай.

Мұхит ОТАРШИЕВ,

аудан әкімі,

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы.

#BIRINShI

0
0
180

Еще по теме

ҚҰРМЕТТІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! - Yvision.kz