ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Короновирустың таралуына жол бермеу мақсатындағы шараларға байланысты 2020 жылдың 18 наурызынан бастап «ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталығының қызметінің және уақытша азаматтарды қабылдаудың тоқтатылғандығы туралы хабарлаймыз.
Бұрын жазылған азаматтар өз кезегін сақтайды және қабылдаулар жаңартылғаннан кейін жаңа кесте туралы қосымша хабарланатын болады.
Дегенмен, бекітілген кестеге сәйкес Департамент басшылығымен азаматтарды «онлайн» қабылдауды ұйымдастыру қарастырылған. Бұл үшін кеңсенің 8 (7112) 98-47-08, 98-47-09 нөмірлеріне хабарласу қажет.
Сонымен қатар, барлық азаматтар үшін «е-gov» электрондық үкіметі арқылы, сондай-ақ «ҚазПочта» АҚ қызметтері арқылы өтініштерді беру мүмкіндігі сақталатынын атап өтеміз.
Қағаздағы өтініштерді қабылдау үшін Департаменттің кезекші бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде арнайы жәшік орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда, 8 (7112) 98-47-57, 98-47-69 нөмірлері арқылы Департаменттің жауапты қызметкерлерімен хабарласа аласыздар.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
Кезекші бөлім 98-47-20
