Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ, ШАЙМҰРЗА АҚСАҚАЛДЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА

Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Е.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телеғұс , аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Байжан, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткізді. Кездесуде үміткерлер «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», батагөй ақсақал Шаймұрза Байпақовтың шаңырағында болдық. Ел амандығы, ұлттық тәрбие, мәдениет туралы ғибратты әңгімелерін тамсана тыңдадық. Сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айттық. Алдағы сайлаудың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Киікбай Жақыпұлы

0
0
114

Еще по теме

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ, ШАЙМҰРЗА АҚСАҚАЛДЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА - Yvision.kz