Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АҚ БАТАСЫН БЕРДІ

23-желтоқсанда Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Е.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телеғұс, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Байжан «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткіздік. Кездесу барысында үміткерлер ауданның «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», ауылшаруашылық саласының ардагері Теміржан Қожамбетовтың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айттық. Алда келе жатқан сайлаудың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, жұмыстарымызға сәттілік тіледі.

0
0
121

Еще по теме

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АҚ БАТАСЫН БЕРДІ - Yvision.kz