ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ САЗ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
2018 жылдың 29 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Департаментінің директоры А.Т.Бердалин Хадиша Бөкеева атындағы облыстық драма театрында Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы талқыланды.
Сонымен қатар, А.Т.Бердалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
