ӨРІСІ МАЛҒА ТОЛҒАН АУЫЛДАР БАР
Бүгін «NurOtan» партиясынан аудандық мәслихатқа кандидаттар Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Пішентөбе елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Үміткерлер тұрғындармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтты. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
–Өрісі малға толған шағын ауылдың басты мәселесі – жол екен. Одан бөлек ауыз су мәселесі де күн тәртібінде. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында осындай түйіткілді мәселелерді анықтап, жазып алдық. Алдағы уақыттары сол мәселелердің оң шешімін табуға ықпал етеміз,-дейді «NurOtan»-дықтар.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
