Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РЕЙДТІК ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

2017 жылдың 20 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы аясында «Орал - Саратов» республикалық трассасында рейдтік шара өткізілді.

Шараға Департамент, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Орал қалалық көлік прокуратурасының өкілдері қатысты.

Шара шеңберінде мобильді топ мүшелері көлік жүргізушілеріне жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратты.

 
0
0
313

Еще по теме

РЕЙДТІК ШАРА ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz