Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Рейд жасалды.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 2020 жылдың 24 қарашасы күні Күршім аудандық ауруханасында дәрімен қамтамасыз етуді, сапалы медициналық қызмет көрсетуді, «Фавипиравир» дәрілік препаратының қолданылуын бақылау үшін мониторинг жүргізілді. Мониторингке «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Қалелов, филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ақтекенов, аудандық мәслихат депутаты Н.Құдабаева, жастар ресурстық орталығының маманы, «Jas Otan» Жастар қанатының мүшесі Ж.Ахметова Күршім аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасарының қатысуымен аурухана жұмысымен танысып қайтты. Мониторинг барысында емхананың санитарлық жағдайы жақсы, дәрілермен қамтамасыз етілген, күндізгі стационардағы емделіп жатқан 60 азаматтардан шағымдар болған жоқ.

Еще по теме

Рейд жасалды. - Yvision.kz