Перейти к содержимому
Обложка сообщества Книги

Рэйчел Игнатовски

Белгілі дизайнер Рэйчел Игнатовскидің көркем иллюстарацияланған кітабы ежелгі және қазіргізамандағы ғылымның дамуына үлес қосқан 50 ғалым-әйелдерге арналады. Кітап кейіпкерлері – математика, космонавтика, медицина, химия, физика және тағыбасқа ғылым салаларында жаңалықтар ашқан ғалым-әйелдер.

Рэйчел Игнатовски – мультфильмдер көріп, пудинг жеп өскен ньюджерсилік бойжеткен. 2011 жылы Тейлер өнер мектебін «графика дизайнері» мамандығы бойынша үздік бітірген. Күні бойы сурет салып, білімін жетілдірумен айналысады. Рэйчел ғылым тарихына қызығады және иллюстациялар оқу процесін жеңілдетудің, ғылымға қызықтырудың еңтиімді тәсілі екеніне сенеді.

Қолыңыздағы Рэйчелдің алғашқы кітабы. Рэйчел тағы да бірқатар кітап шығарып үлгерді. «Бұл кітапты жазу қызықты болды. Мен өте көп дереккөз пайдаландым. Оның ішінде газеттер, сұхбаттар, лекциялар, кітаптар, фильмдер және интернет те бар», - деп жазады кітап авторы.

Кітаптың қорытынды сөзінде оқырмандарға үндеу айтылған «Тек қана алға басыңыз, қиындықтан қашпаңыз, шешімдер іздеңіз, өз жаңалығыңызды ашу үшін оқи беріңіз, оқи беріңіз!»

0
0
459

Еще по теме