РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ!
«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ержан Құдайберген Төлепұлы бастаған штаб мүшелері Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы, «Сапа-2002» ЖШС-де кездесу өткізді.
Ержан Құдайберген Төлепұлы ауыл шаруашылық саласының өкілдерімен пікір алмасып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады.
Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасы жайында баяндап берді. Қазіргі кезде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күшіне айналғанын, осы жылдардың ішінде партия ішкі тұрақтылықтың тірегіне айналғанын, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар сайлаушылардың сұрақтарына заң шеңберінде жауап беріп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі..
