РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҚАРАБАУДА!
Шарбұлақ ауылынан кейінгі кездесу Қарабау ауылы, «Қарабау ТӨШ» ЖШС-де өтті. Онда республикалық Штаб мүшелері ауыл шаруашылығын дамыту жайында партия бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды тізбектеп берді.
Партияның сайлауалды бағдарламасында баршаға тең мүмкіндік беріліп, алдағы уақытта білім мен ғылымға, денсаулық сақтау саласына, ауыл шаурашылығына жоғары дәрежеде көңіл бөлінетіндігін жеткізді.
Кездесулерде Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ө.Көпеев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
