РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «SANALY URPAQ» КЛУБТАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін, online форматында Республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлымен кездесу өтті.
📷 Конференцияға арнайы қосылған «Sanaly urpaq» республикалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев оқу орындарында адалдық қағидаттарын енгізу, жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру жайында баяндама жасады. Саналы және Адал ұрпағы бар елдің болашағы әрқашан да жарқын болады.
📷 Сондай-ақ, Қайыржан Ахметбекұлы жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдастырылған шараларды мекеменің интернет-ресурстарында тұрақты түрде жариялап, ішкі талдау жұмыстарын өз деңгейінде өткізу және тағы да басқа білім беру мекемелеріне қатысты кемшіліктерге тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды ұсынды.
📷 Ата-бабамыз «АДАЛДЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ, АДАМДЫҚ ЖҮРЕДІ» деп айтып өткендей, бүгінгі күні өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрі нығайту, жастардың құқықтық білімі және мәдениет деңгейін арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда.
📷 Өз кезегінде, онлайн режимде ұйымдастырылған шарада Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент басшысының орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаев Агентіктің барлық бастамалары әділдік, адалдық, парасаттылық, сенім құндылықтары арқылы жүзеге асырылатын болады, жұмысымыздың негізгі бағыты – әділдік. Қазіргі кезде колледждер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, оның ішінде жастармен жүргізген жұмыстарды ерекше атап өтті.
📷 Сондай-ақ, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы Адамбекова облыс бойынша «Sanaly urpaq» клубтарының қызметімен таныстырып, алдағы жоспарларынан хабардар етті.
📷 Жалпы, азаматтардың негізгі өмірлік ұстанымдары мен адами құндылықтары жастық шақта қалыптасатыны ескере отырып облысымыздың 62 орта арнайы (кәсіби) және 2 жоғары оқу орындарында «Sanaly urpaq» жобасының кеңселері ашылып, осы бағыттағы жұмыстар үйлестірілуде.
📷 Sanaly urpaq клубтары алдағы уақытта тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ғана емес, жалпы білім саласындағы инновациялық технологиялар, сондай-ақ кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға елеулі септігін тигізетін орталыққа айналатыны анық.
