Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ӨТУІНЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Конституциясына түзетулер енгізу бойынша жалпыреспубликалық референдум өткізуді ұсынып, 5 мамырдағы халыққа Үндеуінде саяси науқанның күнін жариялады. 5 маусым күні ел азаматтары өздерінің болашағы үшін Ата Заңның өзгеруіне белсенділігін көрсетіп, өз дауыстарын берді.

Бүгін міне, осы еліміз үшін маңызды саяси оқиғаның кең көлемде өтуіне атсалысқан азаматтарды Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, «AMANAT» партиясы төрағасы Ерлан Қошановтың, «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың атынан марапатталды.

Сондай-ақ, арнайы Нұрсұлтаннан келген "Алғыс хатпен" медицина саласының мамандары да марапатталды.

0
0
161

Еще по теме

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ӨТУІНЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ. - Yvision.kz