♾РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
♾РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
✔️ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданына барды. Олар «Адал» акционерлік қоғамы ұжымымен кездесіп, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.
✔️Жиында сөз алған кандидаттың сенімді өкілі Зағипа Балиева Ұлттық қор ресурстарын тиімсіз жұмсау тәжірибесі тоқтатылатынын айтты.
🗣«Соңғы жылдары Ұлттық қордан мемлекеттік бюджетке келетін трансферттер өсімі байқалады. 2013 жылы Жалпы ішкі өнім 3,9%-болса, 2021 жылы 5,5%-ға жетті. Ұлттық қордың активтерін қайта қалпына келтіру үшін 2023 жылдан бастап бюджеттік ереже енгізіледі. Сондай-ақ активтердің төмендетілмейтін қалдығы елдің ЖІӨ-не кемінде 25% деңгейінде болуы керек. Сонымен қатар, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері кезең-кезеңімен қысқартылатын болады. 2022 жылы 2,4 трлн. теңге болса 2025 жылға дейін ол 1,9 трлн.теңгеге төмендейді. Бұл шаралар болашақта ұлттық қордың активтерін 100 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Зағипа Балиева.
Сонымен қатар, Алматы облысы қоғамдық штабының мүшелері атынан сөз алған штаб мүшесі Елдос Үшкемпіров баршаны елдің болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.
🗣«Еңбек табысының өсуі және инфляцияны тежеу есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, фискалдық сервистер екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларымен біріктіріледі. Нәтижесінде фискалдық жүйені оңайлату, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту, қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру жүзеге асады», - деді Елдос Үшкемпіров.
Штаб мүшелері Қазақстанның жарқын болашағы үшін үздік кандидатты қолдау қажеттігін атап өтті.
#Toqaev2022
