Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ НҰРА АУДАНЫНДА БОЛДЫ

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Нұра ауданына барды. Олар тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, бірқатар кездесу өткізді.

🔵Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Жулин, «Талбесік» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің басшысы Ляззат Қожахмет, «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева, «Ассамблея Жастары» РҚБ Қарағанды облысындағы өкілдігінің басшысы Александр Урмашов, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Қалел Мақсұтов, «Бахус» ЖШС директорының орынбасары, «ҚХП» мүшесі Александр Зевахин, «ADANAZ» өндірістік компаниясының құрылтайшысы және директоры Сана Жандай қатысты.

💬Көпбалалы аналармен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды.

Ал, аудан ақсақалдарымен әңгімелесу кезінде РҚШ мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ауылдық жерлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

⏺Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зарлық Мақсұтов алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беретінін айтты.

🗣«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жерді ауыл тұрғындарына қолжетімді ету мәселесі көтеріледі. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырылады. Сондықтан да жарқын болашақ үшін, дұрыс таңдау жасауымыз керек», - деді З.Мақсұтов.

❕Кездесу соңында аудан ақсақалдары Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру бастамасын қолдайтындықтарын жеткізіп, оны іске асыруға тілектестік білдірді.

#Toqaev2022

0
0
250

Еще по теме

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ НҰРА АУДАНЫНДА БОЛДЫ - Yvision.kz