📷РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ЖАҢАӨЗЕН ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ
📷Олар алдымен моноқаладағы негізгі өндіріс орны «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесті. Жарты ғасырға жуық уақыт өңірдегі іргелі кен орындарынан ілеспе мұнай және табиғи газды қабылдап әрі өңдеп келе жатқан «ҚазГӨЗ» ЖШС-де 900-ға жуық азамат қызмет етеді.

📷«Кандидатымыз Қ.Тоқаев Жаңаөзен қаласын кешенді дамытуға ден қойып отыр. Ол туралы өңірге жасаған соңғы сапарында шегелеп айтып кеткеніне өздеріңіз куәсіздер. Жалпы қаланы дамытуға 580 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Расымен де бұл бір кәсіпке негізделген моноқала үшін аз қаражат емес. Ендігі жерде жергілікті әкімдік осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек», - деді С.Трұмов.
📷Штаб мүшелерінің кездесуі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға тиесілі №2 Мұнай-газ өндіру басқармасында жалғасты.

📷«Жеті қабат жердің астынан ел игілігі үшін қара алтынды игеріп, оны өңдеп отырған ірі еңбек ұжымымен қауышып отырғанымызға дән ризамыз. 10 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтып отырған «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының қолдауы біз үшін аса маңызды. 20 қарашадағы сайлауда кандидатымыз Қ.Тоқаев президенттікке сайланатын болса, алдағы 7 жылда медицина заманауи деңгейге жетіп, әділ және тәуелсіз сот жүйесі салтанат құрады. Сондықтан баршаңызды сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз», - деді Уайс Ерсайынұлы.
📷Еңбек ұжымдарымен кездесуден кейін штаб мүшелері Жаңаөзен политехникалық колледжінде қала тұрғындарымен кездесті. Онда «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды тұғырнамасындағы өңірлер мен аймақтарды дамыту мәселелерін талқылады.
📷Жаңаөзен қаласының 162 мыңға жуық тұрғын үшін 20 қараша күні 39 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022
